Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 10 Мамыр, 2021

Семейде карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейд жүргізілуде

Шығыс Қазақстан облысында  арнайы құрылған мониторингтік топтар карантин талаптарының сақталуын қадағалау үшін қоғамдық көліктерде, дүкендерде, дәріханалар мен басқа да мекемелерде күн сайын рейд жүргізуде. 

«9 мамыр күні Семей қаласында 345 объекті тексерілді. Облыстың Бас санитарлық дәрігері белгілеген шектеу шараларын бұзудың 4 фактісі тіркелді. Нақты айтқанда, сауда орындарында, қоғамдық тамақтану объектілеріне маска режимін сақтамағандар анықталды», - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте. 

Сонымен қатар Риддер, Курчатов қалаларында және Абай, Үржар, Шемонаиха, Бесқарағай аудандарында рейд жүргізілген. Карантин талабын бұзғандар тіркелген жоқ. Жалпы 1 күн ішінде облыс бойынша мыңнан астам нысан тексерілген.


 

 

679 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз