Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 13 Мамыр, 2021

Президент тапсырмасы: техникалық және кәсіби білім беру жүйелі түрде жүзеге асуда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық кеңес алаңында айтқан тапсырмаларының тағы бір парасы і- техникалық және кәсіби білім беруді белсенді дамыту еді. 

«Техникалық және кәсіби білім беруді белсенді дамыту керек. «Жас маман» жобасының аясында біз 180 колледждің материалдық-техникалық базасын жаңартамыз. Тегін кәсіби техникалық білім беру бағдарламасы жыл сайын 100 мың студентті қамтып отыр», - деп мәлім еткен Президент.

Техникалық және кәсіби білім беруге қатысты бірқатар тапсырма орындалды.

- 2020 жылдан бастап «Жас маман» жобасы жүзеге асырылып жатыр;

- Жалпы сомасы 22,1 миллиард теңгеге 80 колледж заманауи құралдармен жабдықталды;

- 2021 жылы 100 колледждің оқу-өндіріс шеберханаларын жабдықтау үшін 28,9 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр;

- Колледждер кадр дайындау ісіне халықаралық тәжірибелерді өндіріп, өз салалары бойынша біліктілік орталықтарына айналуы қажет.

 

2009 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз