Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 14 Мамыр, 2021

Есірткі сатқан ер адам ұсталды

"Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде есірткі заттарын сатты деген күдікпен бұрын бірнеше рет сотталған 45 жастағы облыс тұрғыны ұсталды. Іс-шара барысында өсімдік тектес сұр-жасыл заты бар 11 қағаз бумасы табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес кептірілген марихуана есірткі заты болып табылады. Күдікті Екібастұз қаласының УҰИ қамалды", – деп хабарлады Павлодар облысы Екібастұз қалалық ПБ-ның бастығы Василий Скляр.

Полиция аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы (Есірткі және психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. 

Айта кету керек, жыл басынан бастап Екібастұз қаласының полицейлері заңсыз айналымнан 29 келіден астам есірткі заттарын тәркіледі.

757 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз