Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 14 Мамыр, 2021

Кристина Гаяк: Қазақстандық туристерді Испанияда күтеміз

Испания тарабы Қазақстан азаматтарына шенген визасының бұрынғы тәртіппен, яғни пандемияға дейінгі кезеңдегідей берілгенін қолдайды. Бұл туралы елімізге жасаған ресми сапары барысында корольдіктің мемлекеттік хатшысы Кристина Гаяк мәлімдеді. 

Саясаткердің айтуынша, тиісті мәселе бұған дейін Еуроодақ өкілдерімен де талқыланған. Алайда одаққа мүше елдердегі түрлі эпидемиологиялық жағдайға байланысты тараптар әлі ортақ шешімге келмеді. 

Айта кеткен жөн, Испания біртіндеп ішкі туризмді қайта жандандырып жатыр. Енді елге маусымда коронавирусқа қарсы екпе салдырған шетелдіктердің кіруіне рұқсат беріледі. Бұл Еуропада вакциналаудың бірыңғай сертификаты енгізілгеннен кейін мүмкін болады. 

Саясаткердің қатысуымен өткен баспасөз мәслихаты Қазақстан мен Испанияның сыртқы істер министрліктерінің өзара алтыншы саяси консультацияларының аясында ұйымдастырылған. Басқосу барысында тараптар пандемиядан кейін ынтымақтастықты қайта жандандыру жолдарын талқылады.   

Кристина Гаяк, Испанияның сыртқы істер, америка және кәріб елдері бойынша мемлекеттік хатшысы: 

– Біз қазақстандық туристерді қабылдауға әрқашан да дайынбыз. Шекаралардың қайта ашылғанын асыға күтіп отырмыз. Бұл ретте вакциналауға зор үміт артамыз. Тамызда халықтың 70 проценті екпе алады деп жоспарлап отырмыз. Сонда туристерді де қабылдай алар едік. Сіздердің елдеріңізде екпе науқаны белсенді жүріп жатыр. Бұл туризм үшін аса маңызды. Біз қазақстандық саяхатшыларды Испанияда күтеміз.

 

 

962 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз