Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 15 Мамыр, 2021

Иордания халқы палестиналықтарды қолдап, көшеге шықты

Иорданияның мыңдаған тұрғыны Палестина халқын қолдап, сап түзеп, Иордания-Израиль шекарасына беттеді.

Жұма күні иорданиялықтар Аммандағы Израиль елшілігінің алдында наразылық акциясын өткізді. Олар Палестина халқын қолдап, Израиль әскерінің Газа секторында әскери операцияны тоқтатуын талап етті. Шеруге Иордания халқымен бірге, саяси партиялар, қоғамдық және діни ұйымдардың өкілдері де қатысты. Шерушілердің арасында бір топ Иордания мен Израиль шекарасына жақын орналасқан Карама соғысында қаза тапқандардың Мемориалына қарай бет алған болатын. Бұдан соң шерушілер палестиналықтармен бірге Израильге қарсы тұру үшін шекарашылардан жолдың ашуын талап етті. Шерушілердің кейбірі тіпті шекара асуға ұмтылды, алайда Иордания әскері оларды тоқтатты. Мұндай демонстрациялар Иорданияның өзге де қалаларында өтіп жатыр. Наразылық акциялары қалалардың орталықтарында, жолайрықтарда және мешіттердің алаңдарында өтіп жатыр.

«Иорданиялықтардың бүгін өткізіп жатқан наразылық акциялары мен шерулері олардың палестиналық бауырлар мен қасиетті Әл-Ақса мешітін қолдайтынын көрсетеді және бұл Иордания тұрғындарының табанды тарихи ұстанымы»,-деді БАҚ жөніндегі мемлекеттік министр және Үкіметтің ресми өкілі Сахер Дудин. «Өтіп жатқан шаралар иорданиялықтардың ұстанымының бірлігін көрсетеді. Иордания халқы бүгінгідей әлемді пандемия жайлаған қиын-қыстау уақытқа қарамастан бүгінгі шеруді өткізу қажет деп тапты»,-деп қосты саясаткер.

Иордания халқы палестиналықтарды қолдап, көшеге шықты 2021 жылғы 15 мамыр 01:55Бөлісіңіз: АММАН. ҚазАқпарат – Иорданияның мыңдаған тұрғыны Палестина халқын қолдап, сап түзеп, Иордания-Израиль шекарасына беттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Израиль мен Палестина бойынша ашық отырысы 16 мамырға жоспарланды Жұма күні иорданиялықтар Аммандағы Израиль елшілігінің алдында наразылық акциясын өткізді. Олар Палестина халқын қолдап, Израиль әскерінің Газа секторында әскери операцияны тоқтатуын талап етті. Шеруге Иордания халқымен бірге, саяси партиялар, қоғамдық және діни ұйымдардың өкілдері де қатысты. Шерушілердің арасында бір топ Иордания мен Израиль шекарасына жақын орналасқан Карама соғысында қаза тапқандардың Мемориалына қарай бет алған болатын. Бұдан соң шерушілер палестиналықтармен бірге Израильге қарсы тұру үшін шекарашылардан жолдың ашуын талап етті. Шерушілердің кейбірі тіпті шекара асуға ұмтылды, алайда Иордания әскері оларды тоқтатты. Мұндай демонстрациялар Иорданияның өзге де қалаларында өтіп жатыр. Наразылық акциялары қалалардың орталықтарында, жолайрықтарда және мешіттердің алаңдарында өтіп жатыр. «Иорданиялықтардың бүгін өткізіп жатқан наразылық акциялары мен шерулері олардың палестиналық бауырлар мен қасиетті Әл-Ақса мешітін қолдайтынын көрсетеді және бұл Иордания тұрғындарының табанды тарихи ұстанымы»,-деді БАҚ жөніндегі мемлекеттік министр және Үкіметтің ресми өкілі Сахер Дудин. «Өтіп жатқан шаралар иорданиялықтардың ұстанымының бірлігін көрсетеді. Иордания халқы бүгінгідей әлемді пандемия жайлаған қиын-қыстау уақытқа қарамастан бүгінгі шеруді өткізу қажет деп тапты»,-деп қосты саясаткер. С.Дудиннің сөзінше, халық шеруі мәртебелі король II Абдалла күш салып отырған саяси және дипломатиялық бағытты толықтыра түседі. Король Иерусалимді қашанда қауіп аумағы деп атап келген. Ал Израиль өзінің дөрекі де заңсыз саясатымен өңірдегі жағдайды одан сайын ушықтырып отыр және осы арқылы бүкіл өңірдің қауіпсіздігіне қауіп төндіруде. Осыған дейін діни мереке кезінде Израильде 10 адамның қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Израиль Газа секторындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты резервтегі 9 мың сарбазды әскерге шақырды.

Қазақпарат

937 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз