Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 15 Мамыр, 2021

ШҚО-да көліктен 2 адамның мәйіті табылды

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 мамыр күні Өскемен-Алтай тас жолының 25 шақырымында «Вольво» маркалы жүк көлігі аударылып түскен. Жол апатының салдарынан көліктің шанағы жанған.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Көп ұзамай жалпы ауданы 9 шаршы метрді құраған тілсіз жау ауыздықталды. Өртті өшіру кезінде 2 мәйіт табылды. Қаза болған азаматтардың жеке бастары анықталуда», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама жұмыстары жүргізілмек. Қызыл жалынды сөндіруге жеке құрамнан 15 адам мен 5 техника жұмылдырылған.

 

857 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз