Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 16 Мамыр, 2021

Риддерге Шымкенттен гуманитарлық жүк тиелген 2 көлік аттанды

Шымкенттіктер Риддерде өрттен зардап шеккендерге көмек қолын созды. «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында өрттен зардап шеккен Риддер қаласы Лесхоз кентінің тұрғындарына гуманитарлық жүк тиелген 2 көлік жолға шықты, деп хабарлайды kazgazeta.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 Қала жастарының бастамасымен ұйымдастырылған қайырымдылық шара барысында сөз алған қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан белсенді жастарға алғысын білдіріп, аттанатын жол керуеніне сәттілік тіледі. 

«Жастардың белсенділігі, елдің ынтымағы, ауызбіршілігі жайбарақат кезде емес, осындай елдің басына қиындық түскен кезде көрінеді. Қала жастары бірігіп, Риддердегі жерлестерімізге көмектесіп, халық арасында үндеу тастап, 2 жүк көлігімен гуманитарлық көш-керуенді жасақтаған екен. Бұған қаламыздағы кәсіпкерлер де үлес қосты. Олар зардап шеккен отбасыларына қажетті тұрмыстық заттарды жіберіп жатыр. Мемлекеттіліктің мәнін түсініп, игі іске атсалысқан барша азаматтарға, қала жастарына шаһар басшысы Мұрат Дүйсенбекұлының атынан зор алғыс айтамыз», - деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

Ізгі шараға қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков, құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов және Мұрат Жолдықожаев, Асқар Әлімбеков, Нұрсұлтан Балабиев сынды азаматтар белсенді қолдау көрсеткен. 

Мұнан бөлек «Бал Текстиль» 50 кілем жеткізсе, бірқатар кәсіпкер азаматтар зардап шеккен отбасыларға азық-түлікпен қатар қысқа толқынды пеш, ыдыс-аяқ жіберген.

Айта кетейік, 2021 жылғы 10 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Риддер орман шаруашылығында өрт шыққан болатын. Тілсіз жаудан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету алдағы уақытта да жалғасады.

 

 

638 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз