Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 16 Мамыр, 2021

ҰБТ-да 137 балл жинаған талапкер мұғалім болуды армандайды

"Ұлттық бірыңғай тестілеу – әрбір түлектің өміріндегі маңызды қадам. Дегенмен, негізгі мақсат – ҰБТ-ны жақсы тапсыру ғана емес, бастысы – өмірде өз орныңды тауып, табысты тұлға болу", – дейді Қарағанды қаласындағы №61 жалпы білім беретін мектептің түлегі Әділсамат Абитаев.

Түлек ҰБТ-да 137 балл жинап, тестілеудегі бұл нәтижесі үшін мұғалімдеріне алғыс білдіреді. Әділсамат тестілеу алдында еш алаңдамағанын және «тестілеуде жақсы нәтиже көрсетемін» деп әуел бастан өзіне сенім артқанын атап өтті.

"Талапкерлер үшін тестілеу аяқталғанға дейін жауаптарын өзгертіп, алдыңғы сұрақтарға оралу мүмкіндігі бар. Егер бұрын тестіленушілер жауап парақтарын бояуға көп уақыт жұмсаса, қазір олай емес. Электрондық форматтың арқасында біз өз нәтижелерімізді ҰБТ аяқталғаннан кейін бірден білдік. Ең бастысы – енді түлектер екі мәрте бақтарын сынай алады. Әрине, бұл жаңалықтты біз үлкен қуанышпен қабылдадық", – деді Әділсамат Әбітаев.

512 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз