Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 17 Мамыр, 2021

Театрда балаларға арналған қойылым

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры сүйікті көрермен назарына жаңа премьераны тарту етті. 13, 14, 15 мамыр күндері Евгений Щварцтың «Күлше қыз» атты музыкалық ертегісінің премьерасы өтті.

«Күлше қыз» музыкалық ертегісі орыс драматургы Евгений Щварц пен композитор Антонио Спадавеккианың «Золушка» атты ертегісінің желісінен алынған.  Шығарманы қазақ тіліне аударған Есім Сегізбаев.

Аталған ертегінің қоюшы режиссері "Сахнагер-2019" Ұлттық театр сыйлығының иегері, Музыкалық жас көрермен театрының актері, әрі режиссері — Расул Усманов.Музыкамен әрлеген Халықаралық конкурстардың лауреаты — Руслан Баймурзин, қоюшы хореограф — Уәлитбек Сиязбеков және қоюшы суретші—Әнуар Сәпиев.             

Театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров:

- «Музыкалық жас көрермен театрына қош келдіңіздер! Бүгінгі премьера әлемге танымал «Күлше қыз» ертегісі. Біздің ертегіміз жай ғана ертегі емес - музыкалық ертегі. Бүгінгі мерекеміз құтты болсын! Ал сіздер сабақтарыңызды ойдағыдай аяқтап, каникулға, жақсы демалысқа шығатын күнге жетейік. Каникулда біз сіздерге тағыда керемет ертегілерді дайындайтын боламыз!» - деп жаңа премьерамен құттықтады.

Музыкалық жас көрермен театры «Күлше қыз» музыкалық ертегісі арқылы өнер жолына қызығушылықпен қарайтын дарынды жасөспірімдер мен балалардың қиялын қозғап, оларды өнерге қызықтырып, қанаттандырды.

Ал қойылымның режиссері Расул Усманов:

       -«Театр репертуарында алғаш рет балаларға арналған орыс тіліндегі қойылым.Біз осы ертегіде басқа теарлардан өзгешелеу қылып жасадық. Қойылымда паралеллді ешкімге кедергісін тигізбейтін екі - Ертегішілер деген кейіпкерлерді қостық. Олар сектакльдің басынан соңына дейін жүріп, автор ретінде үлкен рольді жүргізеді. Сонымен қатар тағы ерекшелігіміз сахнадағы артистер көрермен балаларды ертегі әлеміне алып кету үшін көбінесе балалармен қарым-қатынас жасап отырады.Сондықтан да менің ойымша интерактивті туындыдеп ойлаймын.

Алдағы уақытта ағылшын тілінде сахналау жоспарымызда бар. Біз қойылымға екі ай уақыт дайындалдық. Артистер керемет ойнап шықты.Режиссер ретінде артістердің ойынына, сахнаның безендірілуіне мен өте ризамын!»,  -деп қойылымның премьерасы ойдағыдай өткенін жеткізді.

«Күлше қыз»  ертегісі —театр сүйер көпшілікке бұрыннан таныс әйгілі ертегі. Ондағы айтылатын ой мен өтетін оқиға жас көрерменнің көңілін елітіп, қиялына қанат бітіретіні сөзсіз. Анасынан ерте айырылған Күлше қыздың өмірі бірде аянышты болса, енді бірде ғажайып оқиғалармен алмасып отырады. Оның өгей шешесі мен одан туған екі әпкесі әртүрлі қисынсыз әрекеттерімен Күлше қызды тек үй жұмыстарына салып қойғысы келеді. Алайда, бақ та, бақыт та маңдайыңа жазылған болса, оған кедергі болатын күш-қайрат жоқ. «Күлше қыз» ертегісі осындай ойлардың, ақ пен қараның, шындық пен қиянаттың арасындағы қақтығыстарды суреттеп, көрерменді тағдырдың тылсым жолдарында өтетін таңғажайып оқиғаларға қарай жетелейді.

          Ертегінің тәрбиелік мәні – кез келген адам алдынан кездескен қиындықтарға шыдап, мойымаса, ақыры бір жақсылыққа кез болады.Қойылым 13, 15 мамыр күндері қазақ тілінде, 14 мамыр күні орыс тілінде көрерменге жол тартты.  

 

 

1072 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз