Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 17 Мамыр, 2021

Қант бағасын көтерген кəсіпорындар анықталды

Қант сату нарығындағы субъектілердің бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттері анықталды. Бəсекелестікті қорғау жəне дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті 14 мамырда «Open Space» алаңында қантты көтерме саудада өткізумен айналысатын субъектілер өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізді. 

Қатысушылар қантты көтерме саудада өткізу нарығындағы ағымдағы жағдаймен танысты. Атап айтканда, монополияға қарсы департамент жүргізілген талдау нәтижелері туралы хабардар етті.  Оның қорытындысы бойынша «Көксу қант зауыты» ЖШС және «Ақсу қант» ЖШС іс-әрекеттерінде ҚР ӨК 170-бабын бұзу белгілері-қантты бастапқы сатуды жүзеге асыратын нарық субъектілерінің келісілген іс-әрекеттері анықталды. 

Екі кәсіпорынға да бәсекелестік заңнаманы бұзу белгілерін жою туралы хабарлама жіберілді. "Көксу қант зауыты" ЖШС департаменттің хабарламасын 1 кг үшін қантты сату құнын орташа есеппен 10 теңгеге төмендету жолымен орындады. 

«Ақсу Қант» ЖШС департаменттің хабарламасын орындаған жоқ. Осыған байланысты «Ақсу Кант» ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеу басталды.


 

 

709 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз