Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 17 Мамыр, 2021

ІІМ: Мектептерде мамандандырылған күзет болады

Қазақстан мектептерінде мамандандырылған күзет міндетті түрде болады. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев мәлім етті.

«Бүгінде білім беру ұйымдарының басым бөлігі террористік тұрғыда әлсіз нысандар санатына жатқызылған. Мамыр айының басында Үкімет қаулысымен мұндай нысандарды антитеррористік қорғаудың жаңа талаптары бекітілді. Егер бұған дейін мұндай талаптар ұсыныс сипатында болса, енді білім беру нысандары бақылау жүйесімен, қызметкерлер мен келушілерді хабарландыру құралдарымен, «дабыл» түймешегімен, мамандандырылған күзетпен, өткізу жүйелерімен міндетті түрде жабдықталуы тиіс», - деді комитет төрағасы Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, еліміздің Білім және ғылым министрлігі тиісті нұсқаулық әзірлеп жатыр.

«Сонымен қатар ол террористік қауіп туындаған жағдайда педагогтар мен оқушылардың іс-әрекетінің жан-жақты тәртібін қамтиды», - деді Мұрат Баймұқашев.


 

584 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз