Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 17 Мамыр, 2021

Air Astana «Алматы-Мальдив» бағытындағы рейстерді тоқтатады

Air Astana компаниясы 31 мамырға дейін «Алматы-Мальдив» бағытындағы рейстерді тоқтатқанын мәлім етті.

«17, 19 және 24 мамырда Air Astana Мальдивтегі жолаушылар үшін репатриациялық рейстер ұйымдастырады. КС586 рейсі жергілікті уақыт бойынша сағат 19:35-те Маледен ұшып шығып, Алматыға келесі күні сағат 03:05-те қонады.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жолаушылар Алматыға келгеннен кейін 14 күндік карантиннен өтуі керек», - деп жазады әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Алдын ала сатып алған билеті күйіп кеткен компания клиенттері билет құнын толықтай қайтаруға немесе басқа күнге ауыстыруға құқылы.

«Күші жойылған рейстердің жолаушылары авиабилеттің құнын сатып алған жері бойынша толық қайтара алады немесе 2021 жылғы қазанға дейін басқа ашық күндерге ақысы билет брондауға болады. Қосымша ақпарат алу үшін билетті сатып алу орнына немесе брондау және ақпарат орталығына +7 727 244 4477 / +7 702 702 4477 нөмірі бойынша хабарласу керек», - дейді әуе компаниясының өкілдері.

Еске салсақ, кеше ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов «Қазақстанға Мальдив аралдарынан коронавирус инфекциясы келуінің алдын алу шараларын күшейту туралы» жаңа қаулыға қол қойған болатын.

 

442 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз