Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 17 Мамыр, 2021

Қазақстандық спортшы жарқын жеңіске жетті

Қос спортшы арасындағы жекпе-жек Fury FC 46 турнирінің көшін бастап, жартылай орта салмақ дәрежесінде өтті. Кездесу барлық жоспарланған уақытқа созылған жоқ. Себебі, бірінші раундтың екінші минутында Николай Веретенников қарсыласын нокаутқа жіберді. Осылайша, қазақстандық спортшы ММА-да тоғызыншы жеңісіне жетті. Ал Айви өз мансабында бесінші рет есе жіберді.

Айта кетерлігі, турнирде UFC президенті Дана Уайт та болды. Айви бұған дейін оның промоушенінде өнер көрсеткен еді.

Еске сала кетейік, қазақстандық Николай Веретенников бұл жекпе-жекке қатарынан жеті жеңісінен кейін келді. Соңғы кездесуінде ол төрешілердің бірауызды шешімімен Стивен Джонсты (8-2) жеңді.

 

605 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз