Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 17 Мамыр, 2021

Бір суреттің тарихы

1936 жылдың 17 мамырында Мәскеуде өткен қазақ өнерінің онкүндігіне біздің өнерпаздар екі спектакль алып барды. Олар Брусиловскийдің "Қыз-Жібек" (либреттосы – Ғ.Мүсірепов) пен "Жалбыр" (либреттосы – Б.Майлин) спектаклдері болатын.

Құрманбек Жандарбеков онкүндікте "Қыз-Жібек" спектакліндегі Бекежан рөлін сомдады. Ол естелігінде осы кезде болған бір қызық жағдайды баяндайды. Соңғы актідегі Бекежанның ариясын айтайын деп тұрғанда "ахауды" көтере алмай қалады. Онысын байқатпай "аха-ха" деп күліп жібереді. Алдыңғымен бірдей шығу үшін келесі "ахауды" да "аха-ха" деп айқайлап күліп аяқтайды.

Қазақ делегациясын бастап барған Темірбек Жүргеновтің қаны басына шабады. Құрманбек біткен жерім осы екен деп ойлайды. Бірақ келесі күні шыққан газет бәрін қайран қалдырады. Газетте "Құрманбектің айқайлап күлген кезін спектаклдің ең ерекше сәті" деп жазыпты...

Фото: Құрманбек Жандарбеков Бекежан рөлінде. Мәскеу, 1936 жыл

Серікбол Хасанның фейсбук парақшасынан

516 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз