Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 17 Мамыр, 2021

«URKER-2021» сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтайтын «URKER – 2021» Ұлттық бәйгесіне өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлады ақпарат және қоғамдық даму министірлігі.

Республика аумағында медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар бәйгеге қатыса алады.

Өтінімдерді қабылдау уақыты 2021 жылдың 17 мамырынан 15 маусымына дейін жүзеге асырылады.

Конкурстық жұмыстар 2020 жылдың 1 қарашасы мен 2021 жылдың 1 маусым аралығында жарияланып, басылымында, интернет-ресурста жариялануы не радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер бәйгенің тек екі номинациясына қатысуға құқылы.

Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 11 номинация бойынша қабылданады:

  1. Жылдың үздік фотосуреті
  2. Жылдың үздік репортажы
  3. Жылдың үздік аналитикалық материалы
  4. Жылдың үздік журналистік зерттеуі
  5. Жылдың үздік сұхбаты
  6. Жылдың үздік танымдық материалы
  7. Радиостанциядағы үздік жоба
  8. Жылдың үздік жаңалықтар порталы
  9. Жылдың үздік газеті
  10. Жылдың үздік журналы
  11. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал

Биылғы жылы ұйымдастырушы комитет еліміздің Тәуелсіздік жылдары қалыптасуына арналған жұмыстарға арнайы номинацияны енгізді. Ұлттық бәйге жеңімпаздары «Үркер» естелік мүсіншесінің және бір миллион теңге мөлшеріндегі қаржылай сыйлықтың иегері болады.

360 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз