Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 17 Мамыр, 2021

Оралда ірі қоймадан өрт шықты

Оралда ірі қоймадан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, сағат 17.01-де Гагарин көшесі 70-мекенжайында «Меркурий» сауда үйі аумағында құрылыс материалдары сақталатын жеке тұрған қоймадан (жалпы алаңы 1300 шаршы метр) өрт шыққаны жөнінде хабар түскен.

Өрт аумағы 800 шаршы метрді қамтыды. Зардап шеккендер жоқ. Сағат 17.26-да арнайы штаб құрылды.

«Тілсіз жауды» ауыздықтауға ТЖ департаментінен 54 қызметкер, 15 техника жұмылдырылды.

 

 

 

847 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз