Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 13 Маусым, 2021

Талдықорғанда футболдан Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир өтті

Талдықорғанда бұқаралық ақпарат құралдары арасында шағын футболдан белгілі журналист, ҚР Мәдениет қайраткері Бейсен Құранбекті еске алуға арналған республикалық турнир өтті. Жетісу төрінде алғаш ұйымдастырылған жарысқа Алматы, Шымкент, Талдықорған қалалары мен Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан барлығы 8 команда қатысты.Жарыс нәтижесі бойынша Шымкент қаласының ойыншылары үшінші орынға ие болып, 100 мың теңгені қанжығаларына байлады. Ал екінші орынды  Тараз құрамасы қол жеткізді. Оларға 150 мың теңгенің сертификаты табысталды. Оқ бойы озық шыққан Алматы қаласының ойыншылары бірінші орынның иегері атанды. Жеңімпаздарға 250 мың теңге қаржылай сыйлық ұсынылды.  Шара Бейсен Құранбектің есімін ұмыттырмай, шығармашылығын насихаттауға арналған.Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне Алматы облысының әкімдігі, Қазақстан журналистер одағы, облыстық «Жетісу» телеарнасы және жергілікті кәсіпкерлер атсалысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнир алдағы уақытта дәстүрлі түрде өтіп тұрады.

 

33599 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз