Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 17 Маусым, 2021

Әлемді әбігерге салған сурет

Психологиялық - ақпараттық соғыс жүріп жатыр!

Тоқтаған да емес. Керісінше күннен күнге күшейіп келеді. Біз оның куәгері емес, қатысушысымыз ...

Кеше болған бір мысал.

Ердоған әрине Батысқа ұнай бермейді. Ол бұрыннан бар, бірақ соңғы жылдары Түркия басшысының беделі дүние жүзінде ерекше тез өсіп бара жатыр. Әсіресе түркі тілдес мемлекетттердің арасында.

Бірнеше күн бұрын НАТО шарасында да Ердоған өте нәтижелі кездесулерді өткізіп, жақсы жетістікпен оралып, Қарабақ жанындағы Шуша қаласында Әзербайжан президенті Әлиевпен жаңа геосаяси бастамаларға келісті.

НАТО шараларында Ердоғанның АҚШ президенті Байденмен кездесуі де нәтижелі болды. Ол туралы танымалы БАҚ тар ақпарат берді. Мәтіндері ұқсас , бірақ әсер етуі әртүрлі.

Мысалы, 400 мыңдай таралымы бар британиялық Financial Times өз мақаласына Ердоғанның ыңғайсыз сәтте болған көрінісінің фото суретін салады.

Бір қарағанда басқа елдің басшысының қолына басын иген сияқты. Басқа сүретін салмаған. Шын мәнінде отырған Ердоғанға Байдын жақындаған кезде пандемиялық талапты ескеріп жұдырақтарын түйіп амандасып, сол кезде тұрады. Бірнеше секундтан кейін екеуі тең тұрып әңгімелеседі.

Бірақ  батыстың белгілі БАҚ тары тек бір ғана ыңғайсыз сүретін жәриялайды. Мысалы, France-Presse және Reuters сияқты ірі кең тарайтын басылымдар.

Мақсаттары түсінікті. Түркия басшысының беделіне күмән келтіру.

Бұл әрекет жаңалық емес. Адамзат тарихында кең тараған саяси әскери құрал. Психологиялық соғыс деп аталады.

Қарсылас мемлекеттің басшыларына сенімді азайту, әртүрлі әдіспен күдік келтіру, ең болмаса мазақ қылу.

Оған қарсы тұры қиындау.

Әсіресе казір , интернет арқылы тез тарап кетеді. Адамның эмоциялық қабылдау әсері жылдам және логиканы айналып өтеді. Анау сүреттін өзін көргенде : "бұл қалай болғаны, ондай емес қой" - деп кәдімгідей ашуланасын.

Қарсылас жақ оны өз мақсаты үшін пайдаланады. Мысалы бұл суретте: "Байқадыңыздар ма, Ердоған Америкаға тәуелді, өзін олардың Президентінен төмен ұстайды ..." - дегендей ой салады.

Оны жаулары мазақ қылса, жақтастары намыстанып , ашуланып, кеше ғана мәртебесін асырып жүрген тұлғасына енді сын айтады. Бейтарап қарайтындар – «әәә, солай екен ғой деңгейі» деп есіне сақтайды.

Демек ұйымдастырушылар мақсатқа жетті...

Бірақ саяси сауаты бар, азаматтық көзқарасы қалыптасқан адамдардар астарын түсініп мән бермейді.

Мұрат ӘБЕНОВ

784 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз