Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 22 Маусым, 2021

Елордаға "үнді" штамы Ресей мен Ауғанстаннан келуі мүмкін

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты. Мұның себебі мутацияланған үнді штамы болуы мүмкін. Аталған штамм Ресей, Ауғанстан мемлекеттерінен келді деген болжам бар. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық штаб отырысында айтылды.

Елордада қосымша тексеруге 54 науқастан сынама тест алынды. Олардың 56 пайызында «үнді» штамының(«Дельта» штамы) белгілері анықталған. «Дельта» штамы ең жұқпалы және өте тез таралатын штамм.

«Мутацияның бұл түрінде өлім қаупі жоғары, адамның иммунитетіне қатты әсер етеді. Коронавирус жұқтырғандардың 39% «британ» штамды жұқтырса, 80% — дан астамында «үнді» және «британ» штамдардың клиникалық көріністері бар. Аталған штамм Ресей, Ауғанстан мемлекеттерінен келді деген болжам бар» — деді Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова.

Қала әкімі Алтай Көлгіновтың сөзінше, қайта өршіген эпидахуалға байланысты Нұр-Сұлтанда тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қосымша карантиндік шектеулер енгізіледі.

Сондай-ақ, Көлгінов қалалық құрылыс компанияларының басшыларымен, мектеп/балабақша, колледж, СОО/СҮ/базар директорларымен және басқа да ірі кәсіпорын өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында жаппай вакцина салғызу қажеттігін айтты.

Айта кетейік, «үнді» штамының жұқпалы және тез таралатынын ескере отырып, қалада қосымша карантиндік шектеулер болатыны хабарланды.

kaz.holanews.kz

507 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз