Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 22 Маусым, 2021

Жәнібектен жарқын нокаут күтеміз бе?

Жәнібек Әлімханұлының (9-0, 5 КО) ісін жүргізетін Top Rank промоутерлік компаниясы қазақстандық боксшының келесі айқасы алдында кейінгі нокаутын еске түсірді.

Былтыр қазанда Лас-Вегастағы бокс кешіндегі жекпе-жектің екінші раундында Жәнібек аргентиналық Гонсало Корияны (16-4, 6 КО) нокаутқа түсіріп, орта салмақта WBC Continental Americas және WBO Global титулдарын қорғап қалған еді. 

"Орта салмақтағы жұлдызы жанып келе жатқан үміткер Жәнібек Әлімханұлын соңғы көргенімізде, ұмытылмастай оқиға болған", - деп жазыпты Top Rank "Твиттер" желісінде. 

Жәнібек келесі айқасын 26-маусым Лас-Вегаста өткізеді. Оның қарсыласы WBA тұжырымы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Роб Брант (26-2, 18 КО) болады. Жекпе-жекті Қазақстанда тікелей эфирде жексенбі күні хабар арнасы көрсетеді. 

Әлімханұлының командаса бүгін коронавирусқа тест тапсырды. Олар сәрсебі күні Лас-Вегасқа, яғни жекпе-жек өтетін жерге аттанады. Вегаста бокс кешінің басты жекпе-жегінде өнер көрсететін әйгілі Василий Ломаченко, Qazaq style командасының өкілдері, және сондай-ақ өзге де боксшылардың қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған арнайы пресс-конференция және салмақ өлшеу рәсімі ұйымдастырылады.

https://twitter.com/trboxing/status/1407055402840125440?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1407055402840125440%7Ctwgr%5E%7Ctwcon%5Es1_&ref_url=https%3A%2F%2Fkaz.vesti.kz%2Fboxing%2Ftop-rank-janbektn-almhanulyinyin-ek-titul-ushn-aykastagyi-15518%2F

 

604 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз