Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 22 Маусым, 2021

Президент тоқтан зардап шеккендерді құтқарған студентті марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы субұрқақтардың бірінде тоқ соғып, зардап шеккен әйел мен екі баланы құтқарған қазақстандық студентті Құрмет грамотасымен марапаттады. 

 « Мемлекет басшысы адамдардың өміріне қатер төнгенде көрсеткен асқан ержүректігі мен батылдығы үшін Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті Абылай Балапановты Құрмет грамотасымен марапаттады», деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында. 

Абылай Балапанов өткен демалыс күндері Алматы қаласындағы субұрқақтардың бірінде тоқ соғып, зардап шеккен әйел мен екі баланы құтқарып қалған. 

Еске салайық, 19 маусым күні Алматы циркі маңындағы фонтанда бірнеше адамды тоқ соқты. Кейін әкімдік аталған оқиғанын мән- жайын түсіндірді. 

 

 

548 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз