Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 23 Маусым, 2021

Ыстықкөлде катамаранға мінген туристер оқыс оқиғаға ұшырады

Қырғызстанның Ыстықкөл ауданындағы Тамчы ауылында катамаранға мінген туристер оқыс оқиғаға ұшырады, деп хабарлайды Кабар Қырғызстанның ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бес катамаранға мінген 17 адам (есімдері анықталып жатыр) желдің күшімен жағалаудан үш шақырым қашықтыққа ығып кеткен. Олар жағалауға өз бетінше жете алмаған соң көмекке жүгінген. Оларға көмек беру үшін бір қайыққа мініп жергілікті тұрғындар жолға шыққан. Алайда олар да жете алмай, көлде қалып қойған. Оқиға орнына Ыстықкөл төтенше жағдайлар бөлімінің үш құтқарушысы, Төтенше жағдай министрлігінің сүңгуір қызметінің үш сүңгуірі тартылды. 

Олардың көмегімен 17 адам құтқарылып, 5 катамаран мен көлде қалып қойған қайық жағаға шығарылды. 

Құтқарылған азаматтардың жағдайы бірқалыпты.


 

 

694 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз