Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 23 Маусым, 2021

Арал ауданында қырылған мал өлекселерінен алынған сынама нəтижесі шықты

 Қызылорда облысы Арал ауданында суға батып қырылған мал өлекселері мен судан алынған сынама нәтижесі шықты. Мамандар жануарлар су ішетін құдықтар, көлдер және ұңғымалардағы судың тұздылығы тиісті нормадан асқандығын, алайда төрт түліктің уланбағанын анықтады. 

10 жылқыдан алынған биологиялық материалдар гастрофилез ауруына теріс нәтиже көрсеткен. Арал ауданында қыс, көктемде жауын-шашын тым аз болуынан жер көгермей, жайылымдар жұтап қалды. Салдарынан қыстан әлсіреп шыққан 500-ден астам мал көтерем болып өлген. 

Бүгінгі күні ауданда малдың өлім-жітімі тоқтады. Эпизоотиялық ахуал тұрақты. Мал өлекселері тиісті талаптарға сай жойылып, залалсыздандырылған. 

Шахмардан Қойшыбаев, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

 - Биылға ең қиын ауылдық округ – бұл Құланды мен Ақбасты елді мекені. Бірінші кезекте сол Сексеуіл бағытына қарай апарып, шөпті екі округқа жеткізу. Құландыдан бастап бері қарай Ақбасты, Аманөткел барлық елді мекендерді аралап, мамандар аудан әкімдігі құрған жұмысшы топпен бірге жұмыс жасады. Төтенше жағдай жариялау жөнінде құқық қорғау органдарымен сараптамадан өтіп, келісім жасалды. Кеше мәлімдегендей, осы аптаның ішінде жариялануға тиіс деп есептейміз.
 

24.kz

 

1060 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз