Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 24 Маусым, 2021

Коронавирусқа қарсы күреске 32 млрд теңге жұмсалды

Медициналық сақтандыру қоры арқылы Алматы қаласы бойынша коронавирус пен пневмонияға қарсы күрес шараларына 32,6 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды «Медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы.

Естеріңізге сала кетсек, коронавирус пен пневмония жұқтырған жағдайда пациенттерге медициналық көмек сақтандырылған-сақтандырылмағанына қарамастан көрсетіледі. Сондай-ақ,  COVID-19 белгілері байқалған немесе аталған вирусқа шалдықты деген күдік келтірілген азаматтар мобильді бригадалар мен үйдегі стационар қызметіне жүгіне алады.

Жыл басынан бері Алматы қаласында коронавирус инфекциясына қарсы күреске бөлінген 32,6 млрд теңгенің:

- 16,1  млрд теңгесі – медицина қызметкерлеріне үстемақыға;

- 14,2 млрд теңгесі – КВИ бойынша көрсетілген медициналық көмекке және індеттің таралуына жол бермеуге бағытталған іс-шараларға (карантиндік және инфекциялық стационарларда 40,8 мыңнан астам адам ем қабылдаған);

- 1,9 млрд теңгесі – ПЦР-диагностикаға (240,6 мың ПЦР тест жасалған);

- 457,8 млрд теңгесі – мобильді бригадалар қызметіне (мобильді бригадалар 79,9 мың қызмет көрсеткен);

- 9,8 млн теңгесі – үйдегі стационар қызметіне жұмсалған.

Филиал директорының орынбасары Жанар Кенжебаеваның айтуынша, КВИ-ге бөлінген бюджеттің негізгі бөлігі коронавирусқа қарсы күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге жұмсалыпты.

 

574 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз