Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 24 Тамыз, 2014

Шымкентте оңтүстік өңірдің үздік тауарлары анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының Көрме орталығында «Қазақстанның үздік тауарлары» өңірлік көрме-байқауы қорытындыланды. Оңтүстіктің үздік тауарлары осы көрмеде ел назарына ұсынылды. Отандық өнімнің сапасын арттыру мен қазақстандық нарықты бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға бағытталған шарада 50-ден астам кәсіпорын өзара бақ сынасты. Бұл жерден отандық ет-сүт өнімдерінен бастап, өндірістік техника бұйымдарына дейін табылды. Нарықтың үздігі атағын сарапқа салған кәсіпорындар «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымдары бойынша анықталды. Байқауға қатысқан жеңімпаздар әр номинация бойынша І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев үздік деп танылған өндірістік мақсаттағы «KARLSKRONA LC AB» ЖШС, халық тұтынатын тауарлар арасынан «Бал текстиль» және үздік азық-түлік тауарлары «PLANTA» компанияларын марапаттап, жеңістерімен құттықтады. Сонымен қатар екінші, үшінші орындардың жүлдесіне іліккен компанияларға да сый-құрмет көрсетіп, көрмеге қатысқан барлық кәсіпкерлерге Алғыс хаттар тапсырылды. Өңірлік конкурста үш номинация бойынша жеңіске жеткен 9 кәсіпорын республикалық көрмеге қатысуға мүмкіндік алды. Республикалық конкурста «Алтын сапа» сыйлығы үшін бәсекеге түсетін дипломанттар 4 жыл бойы конкурс эмблемасын жарнама мақсатында қолдану құқығына ие болады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.

550 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз