Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Қыркүйек, 2014

Бірегей отандық артефактілер туралы фильм түсіру қажет - А.Мұхамедиұлы

Бірегей отандық артефактілер туралы фильм түсіру қажет. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.

«Біздің музейлеріміздің басты проблемасы олар тек көрме қызметіне ғана негізделген.  Ал бүкіл әлемде мұражай ең бірінші кезекте ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады. Біздің қазіргі міндетіміз - осынау әлемдік тәжірибені мұражайларымыздың шын мәнінде жұмысшы органға айналуы үшін өз қызметімізге енгізу», - деді ол.

Сонымен қатар А.Мұхамедиұлы танымалдығын арттыру үшін еліміздегі  музейлерде сақтаулы тұрған бірегей артефактілер жайында фильм түсіру қажеттігін баса айтты.

«Қазіргі таңда Отырар, Сауран, Тараз сынды тарихи қалаларды немесе басқа да артефактілерді айтпағанның өзінде «Алтын адам» сынды қазақстандық  брендке арналған не деректі фильм, не көркем фильм жоқ», - деді министр.

Хабарлайды ҚазАқпарат.

679 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз