Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Қыркүйек, 2014

«Қазақ газеттерінің» басшысы Астанада өткен «Тілім менің – елдігімнің тұғыры» атты мерекелік шараға қатысты

Қазақстан халқының тілдері  күніне орай С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Тілім менің – елдігімнің тұғыры» атты мерекелік шара  өтті.

Аталмыш шараға ұлт жанашырлары, «Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры - Редакторлар кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалин, Астана қаласындағы  тілдерді дамыту басқармасының бастығы Ербол Тілешов, жазушы, «Қазақ газеттері» серіктестігінің Астанадағы  ресми өкілі Толымбек Әбдірайым, ақын, журналист – Ғабдул - Ғазиз Есенбаев, танымал журналист – ақын Бақытжан Тобаяқов  қатысты.

Шара барысында сөз алған Астана қаласының тілдерді дамыту басқармасының бастығы  Ербол Тілешов  елордасындағы  мемлекеттік тілдің қолданылу аясы туралы айта келіп, әр қазақ өз ұлтының патриоты болуы керек деп жастарды отансүйгіштік пен  ұлтжандылыққа үндеді.

Үстіміздегі жылы өзінің 15 жылдығын атап өткен «Қазақ газеттері» серіктестігінің басшысы Жұмабек Кенжалин: «Қазақ тілді баспасөз арқылы ұлт қалыптасады, сондықтан жастар газет-журналды жанына серік ету арқылы жан азығын табады» деген ойды орайлы жеткізді. Серіктестіктің бүгінгі тынысы, өткен белестері жайлы де кеңінен  айтып өтті.

 Шара барысында студенттер тарапынан қойылған «Баспасөзде цензура бар ма?»  деген сұраққа орай жауабында Жұмабек Кенжалин: «Отандық баспасөзге, оның ішінде сөз бостандығына шектеу қойылмағанының өзі елдегі демократияны білдіреді» десе, Бақытжан Тобаяқов: «Әмбебап журналист болмайды, әр адам өз саласының білгір маманы болғаны жөн» деп  қайырды.

Студенттер тарапынан қойылған сұрақтар барысында мемлекеттік тілді қолдау, «Тіл туралы» Заңға орай ұсыныстар мен тілектер, талантты жастардың баспасөзде жариялануы туралы сөз болды. Агрономиялық факультеттің 3 курс студенті Нұрбала Алдамжарова болса өзінің тырнақалды жыр жауқазынын оқыды.

Бұл кездесу студенттермен толғамды ой бөліскен, көпшілікті ойландырған және есте қалар тағылымдық жиын болды.

Жаухар Естекбаева

767 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз