Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 04 Желтоқсан, 2014

«Елбасы жолы» киноэпопеясы жаңа туындымен толықты

Жақында Елбасы туралы түсірілген «Тығырықтан жол тапқан» атты жаңа фильм көрерменге жол тартты. Астана қаласында өткен фильмнің тұсаукесер көрсетіліміне Елбасы арнайы келіп қатысып, кинотуындыны көрермендер бірге тамашалады. Еліміздің кинотеатрларында 4-желтоқсаннан бастап көрсетіле бастайтын фильм бас кейіпкердің өміріндегі маңызды кезеңді – Орталық Азиядағы ірі металлургиялық кәсіпорын – Қарағанды металлургия комбинаты партия ұйымының басшысы ретінде қалыптасу кезеңін суреттейді. Фильм бұған дейінгі «Балалық шағымның аспаны», «Отты өзен», «Темір тау» фильмдерінен құралған «Елбасы жолы» киноэпопеясының төртінші бөлімі болып саналады. Басты рөлді жас актер – Н.Әлімжанов сомдады. Елбасы туралы түсірілген әрбір кинотуынды бүгінде көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп келеді. Өйткені Ұлт Көшбасшысының балалық шағы, тұлға, азамат, қайраткер болып қалыптасу кезеңдері өзінің даралығымен, ғибратымен қызықты екені сөзсіз. Кино – шежіре. Кино – тағылым аларлық үлгі. Олай болса, «Тығырықтан жол тапқан» фильмі де көрерменнің жоғары бағасына ие болары анық.

1156 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз