Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 11 Ақпан, 2015

Қазақстандықтар 2 айда Ресейден 50 мың автокөлiк сатып алған

910b1ac59f4d2e880b6d78c4a52b7f88Қазақстандықтар 2 айда Ресейден 50 мың автокөлiк сатып алған. Бұл туралы бүгiн Ақордада Үкіметтің кеңейтілген отырысында Инвестициялар және даму министрi Әсет Исекешев мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz. «Өткен жылы көлік өндiрiсiне қатты әсер еткен жайлар болды. 2 айда елiмiзге Ресейден 50 мың автокөлiк әкелiнген. Бұл – бiр жылдық өндiрiс көлемiне жақын. Қаңтар айында автокөлiк сату көрсеткiшi екi есе төмендедi», - дейдi Исекешев. Министрдің айтуынша, осы мәселенi шешу мақсатында үкiмет қауымдастықтармен, кәсiпорындармен бiрлесе отырып, қолдау шаралары кешенiн қабылдаған. «Биылғы жылы көрсеткiштердiң төмендеуiн болжап отырғанымызға қарамастан, саладағы мамандарды сақтап, машина жасау саласын дамыта береміз. Қазір бұл салада 20 мыңға жуық адам еңбек етеді», - дейді мекеме басшысы.  

449 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз