Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 11 Ақпан, 2015

Қытай хакерлері АҚШ-тың Forbes сайтын бұзды

aae21244d2a0c914814169c2b7b9c4b6Қытай хакерлері АҚШ-тың қорғаныс және қаржы компанияларының деректерін бақылау үшін Forbes сайтын бұзды, деп хабарлайды Bnews.kz. iSIGHT Partners және Invincea компаниясының киберқауіпсіздік саласында жұмыс істейтін мамандар тексеру жүргізіп, 2014 жылдың қарашасында ҚХР хакерлері Forbes сайтындағы «Thought of the Day» виджетінің бағдарламалық кодына өзгерістер енгізген. Пайдаланушы сайтқа кіріп, виджетті іске қосқан уақытта компьютерге автоматты түрде қауіпті бағдарлама орнатыла бастайды. Компания мамандарының айтуынша, Forbes сайтына 2014 жылдың 28 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында кірген пайдаланушылар хакерлердің шабуылына ұшыраған. Хакерлер сайтты бұзу үшін Internet Explorer интернет-браузері мен Adobe Flash Player бағдарламалырының олқы тұстарын пайдаланған. Мамандардың пайымдауынша, мұның барлығын жасап отырғандар – Codoso хакерлер тобы болуы мүмкін. The Washington Post басылымы жариялаған деректерге сүйенсек, бұрын бұл топ АҚШ-тың қаржы, энергетика және мемлекеттік компаниялары мен мекемелерінің жүйелеріне де шабуыл жасаған.  

567 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз