Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 11 Ақпан, 2015

Министрлiктер мен жергiлiктi жерлердегi ведомстволар,холдингтер 4 млрд АҚШ долларын үнемдеуі тиіс -Елбасы

Министрлiктер мен жергiлiктi жерлердегi ведомстволар, холдингтер 4 млрд АҚШ долларын үнемдеуі тиіс. Бұл туралы бүгiн Ақордада Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев мәлiмдедi, деп хабарлайдыBNews.kz тілшісі.  baf6ab4230192e85b4cefe34097f3900 «Менiң тапсырмама сәйкес, ұлттық және басқарушы холдингтер де дағдарысқа қарсы шараларды қолға алды. «Самұрық-Қазынаның» ағымдағы шығындары 337 млрд теңгеге немесе 7%-ға дейiн қысқартылады. Оның iшiнде әкiмшiлiк шығындардың үлесі – 64 млрд теңге. «Самұрық-Қазына» тобының күрделi шығындары 240 млрд теңгеге немесе 18%-ға азаяды. «Бәйтерек» холдингi әкiмшiлiк сипаттағы және күрделi салымдарын 3,8 млрд теңге немесе 11,8%-ға оңтайландыруы тиiс. Бұл оларға қатты салмақ салмайды. Ол – осы жылдар iшiнде бiз жол берген артық шығындар», - дедi Н.Назарбаев. Мемлекет басшысының айтуынша, мұндай қысқартулар «Қазагро» холдингiнде де жүргiзiлмек, яғни шығындар 196 млн теңгеге немесе 12%-ға азайтылмақ. «Мұны қатаң қадағалаймыз. Жалпы алғанда Үкiмет баяндағандай, министрлiктер мен жергiлiктi жерлердегi ведомстволар, холдингтердегi үнемдеу 4 млрд АҚШ долларын құрамақ», - дедi Н.Назарбаев.  

1019 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз