Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Ақпан, 2015

Рудный тұрғындарына үш Күн қатар көрінді

information_items_41846
Рудный тұрғындарына бір мезгілде үш Күн қатар көрінді, - деп хабарлайды "Алау". Қала тұрғыны Геннадий Зуев аспанда үш бірдей Күнді суретке түсіріп алды. Ол суретті әлеуметтік желіге салып, оның 5 ақпанда түсірілгенін айтты. "Аспандағы үш бірдей Күн - бұл Гало эффекті, күн ашық әрі аязды уақытта болатын құбылыс. Бұл уақытта ауада мұздан жасалған кристаллдар пайда болады. Бірақ оны адам көре алмайды. Сол кристаллдарға Күннің сәулесі сынып, оптикалық гало эффекті пайда болады", - деп жазады басылым. Видео көлік видеотіркегішіне түсірілген. Онда Күннің айналасында тағы да екі кішігірім жарық сәуле көрінеді. Таяуда мұндай құбылысты Ресейдің Челябинск қаласының тұрғындары да бақылады. Челябинск тұрғындары "үш бірдей Күннің" суретін көптеп жүктей бастады. "Таңғы 09.15-те. Кемпірқосақ, сұлулық", - деп жазды Лариса Костюхина әлеуметтік желідегі парақшасында. Сурет Лариса Костюхинаның жеке мұрағатынан алынды. Ал Челябинск қаласының бір оқушысы қалалықтардың метеориттен кейін ештеңеден де қорықпайтынын айтады. Сурет Наталья Жмакинаның жеке мұрағатынан алынды. Синоптиктердің айтуынша, Гало эффекті түрлі болады, аспанда тек үш Күн емес, кемпірқосаққа ұқсас немесе ақ сызықтар, дақтар, доғал фигуралар пайда болуы мүмкін. Бұл құбылысты алдын-ала білу өте қиын. Қыста бұл құбылыстың бірнеге рет болуы ғажап емес. tengrinews.kz

1442 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз