Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Ақпан, 2015

Ауыруды басатын дәрілік заттардың қаупін білеміз бе?

1 Әдетте басымыз ауырып,  балтырымыз сыздағанда, немесе дене қызуымыз көтерілгенде біз арзан дәрілерді қабылдап, солардан шипа тапқандай боламыз. Дәрігердің кеңесіне жүгінбей-ақ, дәріханалардан қап-қап арзан дәрі-дәрмектерді сатып аламыз. Алайда олардың пайдасынан зиянының көп болатындығын білмейміз. Ауыру сезімін  басатын химиялық дәрілер оны уақытша тыйғанмен, себебін жоймайды. Мына төмендегі мәліметтерді оқып, осыған көз жеткізуіңізге болады. 1.Парацетамол.Сарапшылардың айтуы бойынша, бұл дәріні дәріханалардағы еркін айналымнан шығарып қана қоймай, дәрігер кеңесі бойынша қолдануына да тыйым салу қажет. Дәрілік заттың рұқсат етілген тәуліктік дозасы, яғни 4 г мөлшері адамда ауыр  уланулар туғызуымен қатар бауырды зақымдауы мүмкін. Ал егер аталған мөлшер екі еселенсе, адамда тіпті үдемелі бауыр жетіспеушілігі асқынып, бірнеше күннің ішінде өлімге әкеп соғу қаупі басым. 2.Аспириннің ауруды басатын  әсері небары бірнеше сағатқа созылады. Ал қанның сұйылтылуы керісінше, бірнеше күнге барады. Сондықтан егер денеңіздегі жеңіл жарақаттан пайда болған жаралар қанап, ұзақ уақыт жазылмай қойса, бұл аспириннің кері әсері болып табылады. Дәрігерлер аспиринді атеротромбоздың, жүрек ауруларының, тіпті обырдың  алдын алу үшін қабылдауға кеңес береді. Алайда зертттеулердің қорытындысы бойынша, аспиринді инсультке шалдыққан адамдарға ғана ішуге кеңес беріледі. 3.Суық тигенде ішетін жарнамасы айқайлаған «Колдрекс», «Терафлю», «Фервекс» секілді «танымал» дәрілік препараттардың құрамында парацетамол, аскорбин қышқылы мен химиялық дәмдеуіштер бар.Олар аурудан құлан-таза айықтырмайды. Тек бірнеше сағатқа ауыру белгілерін жасырып қояды. Асқорыту жүйесіне кері әсер етеді. 4.Ауруды басатын, қабынуға қарсы стероидты емес аспирин,  ибупрофен, кетопрофен, диклофенак  дәрілік заттары өсу гормонының синтезіне кері әсер ететіндіктен, бұл дәрілерді қабылдағаннан кейінгі бірнеше күн бойы дене шынықтырумен машықтануға тыйым салынады. 2 5.«Алька-зельтцер» дәрілік затының құрамында аспирин, ас содасы және лимон қышқылы  бар. Ішімдікке салынған адамдардың жай-күйін жақсартады деп саналатын бұл дәрінің ағзаға тигізер пайдасы жоққа тең. Ішімдікпен уланған ағзаны одан сайын ұлаудың қажеті жоқ. 7.«Қауіпсіз» дәрілік заттар. Мамандар қауіпсіз препараттар қатарына жатқызатын «Нурофен», «Адвил», «Солпафлекс» дәрілерін аспирин мен парацетамолдың орнына ішуге кеңес береді.  Олардың пайымдауынша, бұлар бастың  ауыруы мен жоғары температураны аз уақытта басады.  Дегенмен, ұзақ уақыт ішке қабылданғаннан кейін аталған дәрілік заттар асқазаннан қан кету қаупін арттырады. 8.Бас  ауруынан құтқаратын химиялық дәрілік заттар ауыруды уақытша тежегенімен, одан айықтырмайды. Қазіргі кезде ауырудың кез-келген түрін оңай әрі тез басатын дәрі-дәрмектерді  дәріханалардан еш қиындықсыз әрі арзан бағаға сатып алып жүрміз. Бірақ олардың қолжетімділігі денсаулығымыздың жақсаруына сеп болмайды. Керісінше,  зиян келтіретінін ескере жүрейік. «Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ»  демекші, денсаулығымызға сақтықпен қарайық. Дәріханаға аттанардан бұрын  дәрігермен кеңескен дұрыс.

Дайындаған Үміт Жұмаділова

/takprosto.cc/

4886 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз