Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Ақпан, 2015

Елімізде автонесиелер 6 пайызбен берілетін болады

Снимок Бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысқан ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев еліміздегі автонесиелердің 6 пайызбен берілетіндігін мәлімдеді. 
- Өткен жылдың соңғы 2 айында Ресей рублінің девальвациясынан кейін Қазақстанға Ресейден 50 мыңға жуық көлік алып келінді. Елбасы үкімет отырысында оның дұрыс екендігін айтты. Бірақ, ол көліктер еуро-2, еуро-5 стандарттарға сəйкестендіріліп, техникалық регламентпен өтуі керек. Елбасының тапсырмасымен Ұлттық қордан бөлініп жатқан 5 млрд теңге лабораториялық базаны өңдеуге бөлініп отыр. Сонымен қатар, алдында айтқанымдай, өзіміздің көлік шығаратын екі зауыдымызға 20 млрд теңге бөлініп жатыр. Бұл қаражат біріншіден екінші деңгейлі банктер арқылы 6 пайыздық теңгемен жаңа автонесиелерді береміз жəне лизингпен алатындарға несие 4 пайызбен берілетін болады. Бүгін "Бəйтерек" холдингі осы жұмыстарды өткізуде. Бір айдан кейін оны бітірсе, елімізге жаңа форматты енгізуге дайынбыз, - деді Е.Досаев. BAQ.KZ

577 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз