Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Ақпан, 2015

Алматы әкімдігі азық-түліктің негізсіз қымбаттауына жол бермейді

24ff7c496d174564e5e64f7a0bba0867 Қала басшылығы Алматыда азық-түліктің негізсіз қымбаттауына жол бермейді. Бұл туралы шаһар басшысы Ахметжан Есімов тұрғындармен есептік кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  «Сұрақ өте маңызды. Қала әкімдігі азық-түліктің негізсіз  қымбаттауын назардан тыс қалдырмайды. Өткен жылы қала бойынша инфляция деңгейі  республика бойынша орта есеппен алғанда төмен болды. Баға көтерілуі бар және ешкім одан бас тартпайды. Бастысы алыпсатарларды қадағалап отырмыз. Алматы айналасында арзан азық-түлік белдеуін құру әзірге  айтарлықтай нәтиже бермеді. Бұл туралы Елбас Алматы облысында өткізген жиында атап өтті», - деді Есімов. 
Сондай-ақ, шаһар басшысының  мәлімдеуінше, жалпы республиканың ауыл шаруашылығы халықты жеткілікті азық-түлікпен қамти алмайды.«Ресейдегі девальвация бізге сезілді. Бағаны негізсіз өсірмеу үшін біздің тарапымыздан сауда-саттыққа бақылау жүргізіліп отыр. Бұл оңай жұмыс емес және біз оны үнемі жүргіземіз. Екіншіден,  ОҚО, Алматы, Жамбыл облысы, былтыр ШҚО-ң тауар өндірушілерімен тығыз қарым-қатынас орнаттық. Қала аудандарында аптасына бір рет жәрмеңке ұйымдастырылады. Осы жұмыстардың арқасында инфляция деңгейін 7%да ұстап қалдық. Бұл жұмыс жалғасады. Мен бұл тақырыпты үнемі қозғап, отандық өнімнің болуын қолдаймын. Сонда біз әлемдік баға ауытқуына тәуелді болмаймыз», - деп баяндады қала басшысы.
   

253 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Елімізде автонесиелер 6 пайызбен берілетін болады
Келесі мақала 101 миллиард теңге дағдарысқа қарсы жаңа шараларға қайта бөлінеді

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *