Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 06 Сәуір, 2015

Шетел сарапшылары: Сайлау ашық әрі әділ өтетін болады

4dc2ce05a39657172a6b617c6c678b9b_LИзраильдік байқаушылар еліміздегі президенттік сайлаудың ашық әрі әділ өтетініне сенімді. Ол үшін өз үлесін қосып, қажет болған жағдайда көмек беруге даяр. Қазақстандағы шараға қатысушылардың арасында Мордехай Кимягаров та бар. Орталық Азиядан шыққан тұлғалардың мүддесін қорғайтын мәдени орталық төрағасының айтуынша, оның мойнына екі міндет жүктеліп отыр. Бірі – сайлау барысын бақылау, екіншісі – Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесу. Себебі республикамызда 70 мыңға жуық еврей ұлтының өкілі тұрады. Мордехай Кимягаров, Израиль атынан халықаралық байқаушы: - 26 сәуір күні өтетін сайлауда байқаушы болу – мен үшін үлкен құрмет. Бұл – шын мәнінде жауапкершілігі мол міндет. Борышымызды өтеуге, Қазақстанның жарқын болашағына өз үлесімізді қосуға дайынбыз. Дереккөз:24.kz

2777 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз