Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Сәуір, 2015

Мәжiлiс Жердi қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесiн пайдалануға қатысты хаттама ратификациясын мақұлдады

12Бүгiн Мәжiлiс депутаттары «2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасы үкiметi мен Франция Республикасы үкiметi арасындағы Жердi қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесiн және ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенiн құру мен пайдалану шарттары туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi. Бұл хаттама 2014 жылдың 5 желтоқсанында Астанада жасалған. Оның мақсаты – келiсiм аясында жасалған шарттар бойынша тауарлар берудi, сондай-ақ жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетудi осы келiсiм күшiне енген күннен бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейiн оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу арқылы қосылған құн салығынан босату. Бүгiнгi күнi келiсiм базасында екi iрi ғарыш жобасы, яғни ҚР-ның жердi қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесiн құру және Астана қаласында ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенiн құру жобалары iске асырылып жатыр. Хаттамада осы келiсiм аясында ҚҚС-дан босату үшiн жеткiлiктi негiз болып саналатын құжаттарда көрсетілген. BNews.kz

455 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз