Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 09 Сәуір, 2015

Балалар мен балалар жазушылары кездесті....

Кеше  Алматы қаласындағы И.А.Крылов атындағы Орталық қалалық  балалар кітапханасында  «Менің сүйікті кітабым – «Кәусар бұлақ»  атты үлкен іс шара болып өтті. Іс шараның басты мақсаты – балалар жазушыларына арналған халықаралық «Дарабоз» әдеби байқауы  жеңімпаздарының жүлде алған шығармалары енген «Кәусар бұлақ» атты кітаптың сегізінші жинағын  талдау, насихаттау, оқу болды. Іс шараның жоғары деңгейде өткізуге мұрындық болған аталмыш мекеме директорының орынбасары Дүбірбаева Шолпан ханым бастаған Ләззат Мұхтарқызы, Жанар Мырзалиқызы, Ардақ Оспанжанқызы секілді кітапханашы мамандар болды. 6bet_f114 Дөңгелек үстелге Қазақстан Жазушылар  Одағының балалар әдебиеті секциясының кеңесшісі, балалар  жазушысы Сәбит Дүйсенбиев және «тоқырап қалған»  балалар әдебиетінің дамуына мол үлес қосып жүрген Сұлтан Қалиұлы, Шәкен Күмісбаев, Арасанбай Естен секілді балалардың сүйікті жазушыларымен қатар 2014 жылғы халықаралық «Дарабоз» байқауынан дара шыққан Серік Байхонов, Қанат Әбілқайыр, Мариям Көккөзова, Кәдірбек Құныпияұлы, Серікбол Хасан секілді жүлдегерлер қатысты. Апталықтың салтанатты тұсаукесері Сұлтан Қалиұлы мен  «Бас жүлде» иегері Серік Байхоновқа берілді.20150408_151925 Жалпы, сегізінші жинақ бойынша ең көп оқылған  «Сара әженің сабағы» (С.Байхонов), «Ала бұзау» (М.Көккөзова) , «Көршінің қызы» (Қ.Әбілқайыр), «Теңіз түбіндегі тайталас» (А.Естен) осы тектес шығармалар балаларға үлкен әсер қалдырса керек, шығарма авторларына осы шығармалардың желісі бойынша түрлі сұрақтар қойып, авторлармен емін-жарқын тілдесті. Авторлар да өздерінің қаламгерлік шеберліктері хақында аз-кем түсінік берді. Балалардың ойынша, Серік Байхонов, Арасанбай Естен, Кәдірбек Құныпияұлы, Серікбол Хасандардың «Алтын адам және Азаттық» атты топтама өлеңдері «тілге жеңіл, жүрекке жылы»  тиетін шығармалар екен. Әсіресе, Серікбол Хасанның өлеңдері патриоттық рух береді деп балалар тарапынан жоғары баға берілді. Балаларға көбіне Қанат Әбілқайыр мен Жандос Байділданың шығармалары ұнаған екен. Жандостың «Поштабайын»  көп бала жылап оқыған екен.  Жас жазушының шығармасы  оқырманға тағылымды тәрбиелік өнеге қалдырғанын балалардың риясыз сөздерінен анық байқалып тұрды.   20150408_155856 Задында, балаларға арнап өлең, әңгіме жазу өте қиын. Баланың тілін, баланың психикасын дөп басып жүрген  Ертай Ашықбаев, Секен Иманасовтардың да шығармалары жоғары деңгейде бағаланды. 2015 жылғы аталмыш байқаудың да мәресі жақын қалды. Осы мәреден Қанат Әбілқайыр, Серікбол Хасан, Жандос Байділда секілді жастарды көреміз деп ойлаймыз. Балалар өздеріне арналған кітаптарды оқып жатқаны - бір сәт болса да көңілге медеу болды. Жасырары жоқ, бүгінгі күні балалар әдебиетінің хал-ахуалы мүшкіл... Мынадай кездесулер жиі болса, бәлкім ,балалар, кітап оқыр ма еді?!   20150408_170809                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          Елдос ТОҚТАРБАЙ  

5085 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз