Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Біздің сұхбат
  • 29 Сәуір, 2015

Батырхан Шүкеновтың соңғы сұхбаты

Кеше танымал қазақстандық әнші Батырхан Шүкенов Мәскеуде 52 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, А’Студио тобының бірінші солисі жүрек талмасынан қайтыс болған. Әлеуметтік желілерде Шүкеновтың өліміне байланысты  Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, ресейлік әншілер Алсу, Полина Гагарина, және тағы да басқа өнерпаздар көңіл айтты. Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген. Мансап жолын ол белгілі әнші Роза Рымбаеваның саксофоншысы ретінде бастаған. 1988 жылы өзі құрған  А’Студио тобының фронтменті болады, ал бір жылдан кейін «Джулия» деп аталатын хит әні шығады. Танымалдылық бұл топқа Алла Пугачевамен бірге «Рождественские встречи» байқауына қатысқаннан кейін келеді. Батырхан Шүкенов А’Студио тобынан 2000 жылы кетіп, жеке өнер көрсете бастайды. Төменде біз оқырманға әншінің 2015 жылдың 24 сәуірінде берген соңғы сұхбатын ұсынып отырмыз. https://www.youtube.com/watch?v=xI1B6q5j9JQ

659 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Любовь НИ, «Ұлттар театрының» жетекшісі: «Достықты ту еткен театрмыз»
Келесі мақала Дархан МЫҢБАЙ: Ұлттық музей атамекеніміздің айбыны мен айбары

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *