Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 04 Мамыр, 2015

Алматыда құлаған көпірге жауапты компания бар кінәні ресейлік мамандарға артуда

Алматыда құлаған көпірге жауапты “Базис” компаниясы ресейлік мамандарды кінәлауда. Олар көпірді тіреп тұрған баған материалы Мәскеуден жеткізілгенін айтады деп хабарлайды  арнасы.

көпір Сондай-ақ қалыпты қалай орнату керектігін сол елдің мамандары жүйелепті.  Апат кезінде бетон астында қалып, қаза болған әріптестерін бір минуттық үнсіздікпен еске алған құрылысшыларға басшылары алдағы уақытта жағдайдың қалай көрініс табатынын жеткізді. Бір аптадан бері өздері туралы қоғамда келеңсіз пікір таратқан БАҚ өкілдеріне ренжулі екендіктерін де жасырмады. Айтуларынша, шындығында оған ресейлік компания кінәлі. Бетон құйылатын қалып пен тіреуіштерді «Базис» Мәскеуден сатып алған. Ал оны құрған жергілікті құрылысшылар ресейлік мамандардың сызбасы, нұсқауы бойынша жүргізіпті. Көпірдің үстіне барлығы 2350 текше метр цемент құйылуы тиіс болса, оның 900 текше метрі төселген кезде апат орын алып, ұзындығы 129 метр аспалы жол опырылып түскен. Сараптама қорытындысы шығып, «Базис» өзінің кінәсіздігін дәлелдесе, шығынды қайтарту үшін қалыпты сатқан ресейлік компанияны сотқа бермек. Айналмалы алып көпірдің құрылысы 2016 жылдың қыркүйегінде қолданысқа берілуі тиіс болса, басшылық оны мезгілінен кемінде 6 айға ерте аяқтауды жоспарлапты. «Жағдай кейбір адамдар таратқанадай аса күрделі емес. Алдымызда үлкен жұмыстар тұр. Біздің компания ішкі тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, қалыпты шығарушы, жеткізуші кмопанияның кесірінен апат орын алған. Ол жазалануы тиіс. Оны біз дәлелдеуге тырысамыз»,- деді «Базис» холдингінің президенті Александр Беловия. Қазір құлаған үйінділер тазартылып болған соң, Польша елінің материалдары қолданылмақ. Жалпы көпірге 10 миллиард теңге жұмсалу тиіс болса, оның 10 пайызы қалалық, қалғаны республикалық бюджеттің қаржысы. Ал опырылып құлау мен кісі өліміне әкеп соқтырған қайғылы жағдайдың шығыны мамыр айының ортасына қарай анықталуы тиіс. Апаттан қаза болған марқұмға «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» атағын беру қарастырылып жатыр.
Дереккөз: Алматы ТВ

487 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз