Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 13 Мамыр, 2015

Қазақстан әскери қуатты елдердің әлемдік рейтингінде 14 жолға көтерілді

Қазақстан армиясы Global Firepower ұйымы жасаған әлемдік рейтингте 126 елдің ішінде 66 орын алды.

нур фото парад Global Firepower мәліметтерінше, Қазақстанда әскери қызметке жарамды 6 млн 438 мың 168 адам бар. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан 58-ші орында. Одан бөлек, Қазақстанда 110 мың әскери қызметкер (49-шы орында) және 378 мың резервтегілер (24-ші орын), 300 танкі (48-ші орын), 1 613 БТР (брондалған транспортерлар) (44-ші орын), 285 өзі жүретін артиллериялық қондырғы (22-ші орын), 744 дана сүйретпелі артиллерия (18-ші орын), 393 дүркіндетіп ататын реактивті жүйесі (12-ші орын) бар екен. Қазақстанда 233 дана авиациялық әскери техника (41-ші орын) мен 15 дана жағалауды күзететін кемелері (87-ші орын) бар. Бұл ретте Қазақстанның әскери бюджеті $2 млрд 435 млн-ды құрады. Рейтингте  бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан 59-шы орынға көтерілген. Рейтингтегі алғашқы үш орында сәйкесінше, АҚШ, Ресей және Қытай орналасқан. Одан кейін Үндістан, Ұлыбритания, Франция мен Солтүстік Корея келеді. Украина 25-ші орында, Беларусь – 45-ші, Өзбекстан –54-ші, Әзербайжан –63-ші, Армения – 74-ші, Грузия –75-ші, Қырғызстан –78-ші, Тәжікстан –81-ші, Түркменстан –90-шы  орында. Соңғы үш орында Мали, Мозамбик және Сомали орналасқан.
Дереккөз: КазТАГ

584 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз