Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 02 Маусым, 2015

Сәрінжіпов биылғы ҰБТ кезінде дүрбелең болмайды деп үміттенетінін айтты

Бүгін елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Осыған байланысты Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Астанадағы Ұлттық тестілеу орталығының №11 филиалына келіп, түлектер мен ата-аналарды қобалжымауға шақырды.

Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов. Фото: bnews.kz Оның айтуынша, барлық тиісті органдар ҰБТ өткізуге тас-түйін дайын. «Қазіргі таңда, сағат 9-дағы жағдай бойынша біз толық дайынбыз, барлық 165 пункт жұмыс істеп жатыр, керек-жарақпен толық қамтылды, жергілікті атқарушы органдар, біздің департаменттер дайын. Биылғы жылы 120 мың оқушы мектептен түлеп ұшқалы отыр, оның 70%-ы, яғни 85 мыңы ҰБТ тапсырады», – деді министр. Сондай-ақ ол 2015 жылғы жаңашылдықтар туралы еске салып өтті. «Егер оқушы жыл бойы жақсы оқып, ҰБТ-да қобалжып, тиісті бағасын ала алмаса, орташа баға қойылады. Бұл – едәуір әділетті шешім», – деп түсіндірді Сәрінжіпов. Айта кетейік, тестің нәтижесі www.testcenter.kz сайтында жарияланады. «Биыл жүйе жақсы жұмыс істеп, ешқандай дүрбелең болмайды деген үміттеміз. Біз сондай-ақ ҰБТ сұрақтарының шамамен 20 мыңын жаңарттық. Сұрақтарды мұқият қарап шықтық. Басым бөлігі логикаға негізделген. Осы сәтті пайдаланып, Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып жатқан түлектерге сәттілік тілеймін, еш қобалжымай, тек білімдеріңізге сеніп, ойдағыдай тапсырып шығыңыздар», – деп түйіндеді министр.  
Дереккөз: BNews.

558 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз