- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 03 Маусым, 2015
ОҚО-дағы бір мектептен 34 бала «Алтын белгі» алатын болды
Оңтүстік Қазақстан облысындағы бір мектептен 34 бала «Алтын белгі» алатын болды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.
Оңтүстік Қазақстан облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беруді дамыту бөлімінің басшысы Сүндет Санаевтың айтуынша, кеше кешке басқармаға жағымды жаңалық келіп түскен.
«Биыл Мақтарал ауданындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның 74 түлегінің 34-і «Алтын белгіге» үміткер ретінде тіркелген болатын. Міне, сол оқушылар кеше ҰБТ тапсырып, барлығы үмітті ақтады», - дейді бөлім басшысы.
Бөлім басшысының мәліметінше, аймақтағы бұл бірім ордасы биыл тағы бір рет рекорттық көрсеткішті жаңартқан.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы бұл мектептің 29 түлегі «Алтын белгі» иегері атанса, өткен жылы бұл белгіні 27 түлек кеудесіне таққан еді.
Bnews.kz
Дилара РЫСДӘУЛЕТ
600 рет
көрсетілді0
пікір