Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Маусым, 2015

Келімбетов: 10 жылда елден 100 миллиард доллар сыртқа кеткен

Қазақстанда он жылдың ішінде оффшорлық аймақтарға 100 миллиард доллар кеткен.

1432029796_3c8aa2d0472d48d050b5f936e97fc799-big Бұл туралы Астанадағы жиында Қазақстан ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеген деп хабарлайды ҚазТАГ. «Соңғы он жылдың ішінде сіздер мен біздің отандастарымыздың 100 миллиард доллары Қазақстаннан кеткен. Ол ақшаның қайдан пайда болғанын қазбаламай-ақ қояйық… Дегенмен, бұл ақша Қазақстанда емес. Қазір ол ақша әлемдегі оффшорлық аймақтарда» деп мәлімдеген Қайрат Келімбетов. Оның сөзінше, Қазақстаннан капитал негізінен Сингапур, Дубай және Гонконгтегі оффшорлық аймақтарға шығарылған. «Егер сенімді заң базасы болмаса, келесі он жылда Қазақстаннан тағы осындай ақша кетуі ықтимал екенін түсінеміз» деген Ұлттық банк төрағасы.
Дереккөз: Азаттық

534 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз