Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Маусым, 2015

Сәкен Сәрсенов ҚР инвестициялар және даму вице-министрі болып тағайындалды

1cee4f5a0c114a173cd88c84436b83bd

Сәкен Сәрсенов ҚР инвестициялар және даму вице-министрі болып тағайындалды. Бұл жөнінде ол бұған дейін басқарған ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті мәлім етті.

Сәкен Сейітжаппарұлы Сәрсенов 1977 жылы 2 ақпанда дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік авиациялық институтын «Ақпарат өңдеу және басқарудың автоматтандырылған жүйесі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Көлік және коммуникация министрлігінде жұмыс істеді, Қаржы министрлігі «Қаржылық жүйелерді ақпараттандыру орталығы» РМК ақпаратты қорғауды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, «Қазақтелеком» АҚ электрондық қызметтер бойынша басқарушы директоры сынды лауазымды қызметтер атқарды. Сонымен қатар, Бас прокуратура құқықтық статистика және арнаулы есеп жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, Байланыс және ақпарат вице-министрі, Көлік және коммуникация вице-министрі, Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, Инвестициялар және даму министрлігінің  байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы болып еңбек етті.

837 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз