Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Шілде, 2015

Қырғызстан түрмесінен қашып шыққан қазақстандық ұстау кезінде өзін жарып жіберді

photo_18404Қырғызстан түрмесінен қашып шыққан қазақстандық ұстау кезінде өзін жарып жіберді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қырғызстан МҰҚК баспасөз хатшысы Рахат Сүлайманов айтып берді. "Альберт Абхин кеше түнде Бішкекте өзін жарып жіберді. Қызметкерлер оны ұстауға тырысты, дегенмен онда жарылғыш зат болды. Қазір екінші қылмыскерді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған барлық күш жұмсалады", - деді Сүлайманов телефон арқылы. Еске сала кетейік, 25 маусымда МҰҚК қызметкерлері түрмеден қашқан екі қылмыскерді ұстауға әрекет жасады. Олар жауап ретінде қарулы қарсылық көрсетіп, кейін жасырынып қалды. Қазақстан азаматтарының кім екені анықталды. Олар 1991 жылы туылған Абхин Альберт пен 1988 жылғы Әшіров Жанболат. 2014 жылы олар "Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту" және "Жалған құжат, мемлекеттік марапат, мөртаңба, бланкты заңсыз қолдану, жасау" баптары бойынша төрт жылға бас бостандықтарынан айырылған болып шықты. Tengrinews.kz

457 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз