Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 03 Шілде, 2015

Ақмола облысында қола дәуіріне тиесілі 5 жасар баланың сүйегі табылды

колаАрхеологиялық сенсация! Ақмола облысындағы Қошқарбай қорғанынан 5 жасар бүлдіршіннің қаңқасы табылды. Баланың денесі ана құрсағында жатқан кейіпте жерленген, деп хабарлайды КТК.  Сондай-ақ қола дәуіріне жататын алтын сырға, көптеген қыш құмыралар аршып алынды. Қорған Кеңөткел ауылынан шығатын көлік жолының астынан табылып отыр. Мамандар уақыт өткен сайын ескі оның құрып кетуге шақ қалғанын айтады. Қошқарбайда жұмыс істеп жатқан археологтар биыл олжалы. Әсіресе, жақсы сақталған 5 жасар баланың сүйегі олардың назарын ерекше аударған. Сүйек жанында өрнекті қыш құмыралар жатыр. Соған қарап, және баланың жерлену әдісінен бұл қорым қола дәуіріне жатады деп топшылайды мамандар. Экспедиция жұмысына білікті археологтармен бірге якутиялық студенттер де қатысуда. «Мені таңғалдырғаны – мына маңда қорғандар көп екен. Өлілер даласы ма дерсің. Мынау жағдай тіпті нағыз сенсация! Жас баланың сүйегінің, тіпті тістеріне дейін жап-жақсы сақталғанын қараңызшы. Жерлегенде ана құрсағында жатқандай кейіпке келтірген. Басы батысқа қарап жатыр», - дейді ресейлік студент Екатерина Девдивилова. Қола дәуіріне тән қорғаннан алтын бұйымдар да табылған. Тіпті, жерленген адамдардың діни наным-сенімін білдіретін заттар да бар. Арасында қоладан құйылып, алтынмен апталған сырға әлі түсін жоймапты. «Негізі қоладан жасалып, сырты алтынмен қапталған. Бас қаңқасының маңында құлақ тұсында анықталды. Олармен бірге анықталған қыш құмыраларға қарағанда Петровка дәуірін сипаттайды», - дейді Ақмола облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының инспекторы Рауан Ержанов. Тарихи ескерткіштерді жақын арада толығымен зерттеп болу қажет. Әйтпесе, қорғандардың үстінен көлік жолы өтіп әбден мүжіле бастаған. Қошқарбай қорымында 150-ге тарта әлі ашылмаған тарихи ескерткіш бар екен. Оның барлығына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін Кеңөткел ауылын түгел көшіру қажет және де оған қомақты қаражат керек дейді археологтар. Облыста биылғы археологиялық қазба жұмыстарына бюджеттен 3 миллион теңге бөлінген. Археологтар бұл қаражатқа осы жазда бірнеше нысанды зерттеп шығуға тиіс. КТК арнасы

708 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз