Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Шілде, 2015

Павлодарда 75 жасар ақсақал топ бәйгедегі 14 шақырымдық шабысын Президентке арнады

photo_18541Он баланың әкесі Назарбаевтың туған күніне ерекше сый жасады, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Порталдың мәліметінше, Павлодарда Ертіс ауданының 75 жастағы тұрғыны Захан Әбілқас топ бәйгеге қатысып, 14 шақырымдық шабысын Президентке арнады. "10 баланың әкесі Захан Әбілқас 2000 жылдардың басында Қазақстанға Моңғолиядан қоныс аударған. Сол елде 40 жылға жуық шахтер болып еңбек еткен. Ал ұлттық ат спортының түрлерін 50 жыл бойы серік етіп жүр", - делінген жарияланымда. Ақсақалдың айтуынша, ол темір тұлпарларды ұнатпайды. "Жылқыға деген сүйіспеншілігім бөлек. Туған-туысқандарыма қонаққа барғанда салт атпен барғанды қалаймын", - дейді ол. Айта кетейік, Әбілқас Павлодарда Астана күніне орай өткен бәйгеге Көккөз есімді сәйгүлігімен қатысып, 14 шақырымдық жолды шауып өтіп, ынталандыру сыйлығына ие болды. pavlodarnews.kz  

542 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз