Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 04 Шілде, 2015

Мега-жұлдыздар келген Алматыдағы LG G4 концерті

unnamed

       2015 жылдың 27 маусымында Алматы қаласында LG G4 смартфонының тұсаукесеріне арналған концерт болды. Концерт шын мәнінде ұлттық масштабқа көтеріле білді. Концертке 4 мыңнан аса адам қатысты. Концерт маусымның 4-сенбісінде, еліміздегі көлемі жағынан 4 төртінші спорт кешенінде өтті, ал концертте өз саласындағы ең танымал 4 адам болды. PSY, Дима Билан және Бүркіт бірігіп, эксклюзив шоу-бағдарламасын ұсынды. LG G4 концертінің құрметті қонағы болып LG брендінің Қазақстандағы ресми келбеті, ауыр атлетикадан екі дүркін олимпиада чемпионы және төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин де келді.

 LG Electronics компаниясының Ресей және ТМД елдеріндегі Президенті Дахюн Сонг мырза:

 «LG G4 – мобильді технологиялар саласындағы сөзсіз жетістік. Премиум-класындағы сәнқой смартфон, өз саласындағы ең үздіктерімен бәсекелесе алатын, кең ауқымды қолданушылық функциялармен қамтамасыз ететін телефон. Қанша дегенмен, LG G4 смартфоны және 4 мега-жұлдыз бір ссахнада тұрғаны бекер емес. PSY, Дима Билан, Бүркіт және Илья Ильин. Өз ісінде жетістікке жеткен төрт алып тұлға, LG G4 сияқты, әлемді және адамның жүректеріне жол табады».

42c0e5af9a398dcfa2a9765d3c2

Алматыдағы G4 мерекелік концертіне төрт мега жұлдыз бекерге жиналған жоқ. Олардың әрқайсысы жетістікке жеткен, мақсатына жету жолында өзінің талантымен, еңбекқорлығымен және қайтпас жігерімен ерекшеленетін, әлемге танымал және өз елінің мақтанышына айналған. Бұл жұлдыздар - миллиондардың жүрегіне жол тапқандар. PSY – кәрістің поп-музыкасының жұлдызы, тек Кореяда ғана емес әлемде де кеңінен танымал. Дима Билан – Евровидение жеңімпазы, Ресейдің қазіргі заманғы эстрадасының үздік өкілі. Бүркіт – өз әндерінде Қазақстан мен қазақтарды танбай жырлайтын жарынды әнші. Ал Илья Ильин – өзінің есімін тарих беттерінде қалдырған атақты спортшы.34abcb035f11f553582e618fc5d

Концертті ашу еліміздің эстрадасындағы ең жарқын жұлдызды дуэт Бүркіт пен Аишаға бұйырды. Жұлдызды жұптың табынушылары әртістерді ду қол шапалағымен қарсы алды.

Осындай жарқын әрі кең көлемде болған концерт Алматыда көптен болмаған сияқты. Вокал, музыка, тірі дауыс. Дима Билан жақында иеленген «Үздік концерттік шоу» жүлдесін бекер алмағанын дәлелдеді.

Бұл кеште сахнаға тек қана әншілер шыққан жоқ. Шараның арнайы қонағы Илья Ильин де тыс қала алмады. Ол Алматыға жаңа рекорд орнату үшін ұшып келді. Жаңа G4 смартфонына еліміздегі ең көлемді селфиге түсті. Илья сахнаға өзі пайдаланып жүрген сенсацияға толы G4 смартфонымен шығып, қалың көрерменге оның ерекшеліктерін таныстырды.

 LG брендінің Қазақстандағы келбеті, ауыр атлетикадан екі дүркін олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин:

 «Осы жылдан бастап LG Electronics компаниясының Қазақстандағы келбеті болғаныма мақтанамын. Оған қоса, LG компаниясы өзінің жаңа смартфонын  сатып алушыларға арнап ұйымдастырған осындай көлемді концертте тұрғаныма ризамын. Маған G4 қатты ұнайды. Жарқын, шынайы фотолар, инновациялық шешімдер, қайталанбас былғарыдан жасалған дизайны. G4 үшін 100% сен сенімдімін».e62095f0f1a69bac864182e08c36a9b2-big

Қазақстанға, тіпті Орталық Азияға бірінші рет Оңтүстік Кореяның ең танымал әншісі PSY ұшып келді. Көрермендер оны ду қол шапалақпен қарсы алды. Кәріс поп-мәдениетінің аңызына айналып үлгерген әнші алматылықтарды да бей-жай қалдырмады. «Gangnam Style» биінің ерекше қимылдары фанаттардың ешқайсысына құр қарап тұруға мүмкіндік берген жоқ. «Gentleman» әнінің сөзін PSY өзі жазғандықтан, залдағы тыңдармандар оның мағынасын түсінгенін қалады. Сол себепті де әннің сөзі аударылып, залдағы экрандарда көрсетілді.

Концерт көптен естен кетпейтін мерекелік шараға айналды. LG компаниясы шын мәнінде көлемді шара ұйымдастырды. Кездейсоқ тартулар, жарық және музыкалық шоулар LG брендінің жанкүйерлері үшін жарқын эмоциялар мен көңіл күй сыйлады.

 

Әлеуметтік желілер арқылы байланыс:
1 http://www.lg.kz
2 http://www.facebook.com/LG-Electronics-Kazakhstan
   3 http://vk.com/lg_electronics_kazakhstan
55 http://instagram.com/lgeak#
6 http://www.twitter.com/LGElectronicsKZ
7 http://lgeak.yvision.kz
8 http://www.youtube.com/LGElectronicsKZ
 

 

 
 

917 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз