Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Шілде, 2015

Алдағы маусымда доллар 190 теңгеге көтерілмейді - Келімбетов

photo_18853Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов жаңа валюталық дәлізге өткеннен кейін теңге бағамының долларға шаққандағы құны таяу арада сақталатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасаған kazgazeta.kz. Бағамның ауытқу дәлізі доллар үшін 170-180 теңгеден доллар үшін 170-198 теңгеге өзгеріп отыр. Брифингте Келімбетов жаңа валюталық дәлізге өтудің бүгін, 15 шілденің екінші жартысынан бастап жүзеге аса бастайды. Тілшілер Ұлттық банк басшысына "Онда ертең доллар 190 теңге болады деп күте беруге бола ма?" деген сұрақ қойды. "Қалың жұртшылыққа түсінікті болу үшін айтайын, жылдың бірінші жартысында екі жарым пайызға әлсіреуі алты айға созылды. Егер бүгін 187 болса, ал ол бір ай бойы ауытқып тұрды, бұдан мен айтарлықтай өзгеріс көріп тұрған жоқпын, меніңше, қандай да бір айтарлықтай сұраныс жасауға себеп жоқ. Бізде шамамен осы диапазонда теңге ауытқып тұрады. Бұл дәліздің кеңеюінің саясатына байланысты. Сіздер айтқан цифр алдағы маусымда болмайды", - деді Келімбетов.

402 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз